Медеу баспалдақтары бойынша жүгіруге 600-ден астам адам қатысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасының аясында 28-ші жыл сайынғы Медеу баспалдақтары бойынша жүгіру шарасы өтті.

«Дәстүрлі жыл сайынғы Медеу баспалдақтары бойынша жүгіру шарасы биыл 28-ші рет өтуде. Осы жолы жарыс жалпы қалалық «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Бізде жүгіруге 20 жылдан астам уақыт қатысып жүргендер де бар. Алматылықтар үшін бұл әр күзде барлық отбасының тағатсыздана күтетін игі дәстүріне айналды. Осы жолы 600-ден астам алматылық мен қала қонақтары қатысушы ретінде тіркелді», - деді жарыс ұйымдастырушыларының бірі Айдос Бақашев.

Ең кіші спортшылар 100 басқышқа жүгірді. 70 жасты алқымдағандар да осы қашықтықта шықты. Олардың бірі жетпіс бес жастағы марафоншы Сабырбек Шілікбаев. Ол жүгіруге 20-шы рет қатысып отыр. Айтуынша, қарт жылда жүлделі орынға ие болады екен. Осы жолы да спортшы екінші болып жетті.

Барлығы алты қашықтықта жарысу көзделген. Бұл 100, 200, 300, 400, 500 және 841 басқыш.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Бұдан басқа, түрлі номинация бойынша белсенді қатысушылар  естелік сыйлықтар алды.

Жарысты ұйымдастырған Алматы қ. дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Медеу ауданының әкімдігі, «OMRON» медициналық компаниясы. Шара мегаполисте бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. 

null null  null  

Соңғы жаңалықтар