Мәжілісте бәсекелестік жөніндегі заңнамаларға өзгерістер енгізу жайы қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Палата депутаттары назарына бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.

Заң жобасының негізгі мақсаты еліміздің монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру және Қазақстандағы бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты одан әрі күшейтіп, оның нормаларын ең озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру.

Сондай-ақ, Мәжіліс осы күні «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдайтын болады.

Париж келісімі орнықты даму саласындағы мақсаттарға жетуге ықпал етеді және шығарындыларды азайту мен климаттың өзгеруіне тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін шаралардың «жол картасы» болып саналады.

  Сонымен қатар, Бюро отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму  комитетінің  Алматы  облысында,  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қостанай облысында көшпелі отырыстарын өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.  

Соңғы жаңалықтар