Мәжілісмендер бір күндік жалақыларын қайырымдылық қорына аударды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

Халық қалаулылары 29 қыркүйек күні сағат 10-да «Қазақстан» арнасының тікелей эфирінде бастау алған «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафонының қорына өздерінің бір күндік жалақыларын аударды. Бұл туралы ҚР Параламентінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Акция барысында жиналған қаражат қымбат ем-домды қажет ететін сырқатқа шалдыққан балаларға, сондай-ақ әртүрлі қиын жағдайларға тап болған азаматтарға бағытталатын болады.

Қайырымдылық телемарафоны Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында өткізілуде. 

Соңғы жаңалықтар