Мәжіліс депутаттары Павлодар облысының халқымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 3 мен 12 қаңтар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев пен Артур Платонов Павлодар облысының халқымен кездеседі.

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

3 қаңтарда Парламент Мәжілісінің депутаттары Қалқаман ауылының орта мектебін, Қалқаман балалар үйін, дәрігерлік амбулаторияны, сондай-ақ Ақсу  қаласы Қалқаман ауылының су тартқыш учаскесін аралап көрді.

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықты мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мұғалімдердің жалақысын көтеру, Қалқаман ауылында шлагбаум құрылғысы бар теміржол өткелін салу мәселелері қозғалды, сондай-ақ Пограничник ауылында сумен қамту желілерін жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселелері қаралды.

Жұмыс сапары аясында депутаттар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы нысандарының жай-күйін зерттеуге, сондай-ақ азаматтарды өздерінің заң шығару қызметі туралы ақпараттандыруға ниетті.

Таяу күндері М. Пішембаев пен А. Платонов Павлодар, Екібастұз қалаларына, Қашыр, Май, Шарбақты аудандарына, сондай-ақ Павлодар облысының бірқатар ауылдық округтеріне барады деп жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар