Мажарстанда АЭС салынған кезде сол аумақтағы шегіртке мен кесірткелер көшіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстанның Тольна аймағында 2018 жылы «ПАКШ» АЭС-і салынады. Жаңа энерегия блоктарының құрылысы кезінде елде қабылданған ерекше экологиялық талаптарды сақтау керек, деп хабарлайды newsru.com .

Жобаның бекітілген экологиялық лицензиясы атом стансасын салуға қатысушылардан хайуанаттар мен өсімдіктер түрін сақтауға ерекше мән беруді талап етеді.

Бекітілген құрылыс алаңының аса маңызды табиғи құндылығы болмаса да қажет болған жағдайда қорғалатын түрлерді толықтай басқа аумаққа көшіру жөнінде шешім қабылданy мүмкін. Олардың қатарына боз селеу (Stipa pennata), бозкілем (Sedum telephium), сонымен қатар - мажар шегірткесі, еуропалық жасыл кесіртке де кіреді.

Қажет деп табылса аталмыш өсімдік пен жәндіктер арнайы қоршалған аумаққа қоныстандырылып, станса салынып біткен соң өз жерлеріне кері қайтарылады.

Соңғы жаңалықтар