Мажарстан елшісі Кейкінің бас сүйегі туралы: Шындық тұғырына қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейкі батырдың бас сүйегінің жерленуі қаралы рәсім болғанымен, батырдың өз елінде мәңгілікке тыным тапқаны жұбата түседі. Бұл туралы ҚР-дағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан тарапымен ғылыми тұрғыда да байланысымыз мығым. Нақтырақ айтқанда, Мажарстан Табиғаттану музейінің ішінде Антропология институты бар. Сол институттың мамандары Кейкі батырдың сүйегіне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мажар ғалымдары батырдың бас сүйегіне сай түр-әлпетін жасап шығарды. Бұл да қазақстандық-мажарлық рухани байланыстың символикалық дәлелі деп айтар едім. Кейкінің Арқалықтағы бассүйегін жерлеу рәсіміне қатысқанымды үлкен құрмет деп білемін. Сол жерлеу рәсіміне жалғыз мемлекеттен елші болып мен ғана шақырылғанымды атап өткім келеді», - дейді Андраш Барани.

Елшінің айтуынша, мажар ғалымдары Кейкі батырдың құрметіне шығарылған медальдарға лайықты түрде ие болған.

«Әу баста жерлеу рәсімі қаралы рәсім секілді көрінді маған. Мен тіпті осы үшін қара галстук тағып алған едім. Екінші жағынан, бұл күн - шындық тұғырына қонған, қуаныш күні. Қазақ халқының батыры туған топырағына жерленіп, бостандық үшін басын бәйгеге тіккен тұлғалардың бірі ретінде есімі тарихқа қашала түсті», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар