Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 337.16
EUR 379.10
RUB 5.29
CNY 50.56

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ

2010 жылдың 27 қаңтар 12:20

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.

         Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

         Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.

Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:

«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,

Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегенiне лезде сөз тауып:

Сен Құлыншақ болғалы талай болды.

Не құлын, не жабағы тай болмадың.

Немесе Гүлханым арудың:

Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:

Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,

Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.

Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,

Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi.

Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап:

Молдалар кiтап оқып мән айтады.

Бiлмесе бекер сөздi неге айтады.

«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында

Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады - деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара - Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi.

Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып «Үш күн күттiк бiздi бiр мақтамадың тартпа желдiгiңмен құрып кеткiр Майлықожа» дегенiне сөз сүлейi:

Қазақтың оза шапқан майлысы едiм,

Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм,

Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп,

Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң

Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк

Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, - деп елдi риза етiптi.

         Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.

         Шымкент қаласында Майлықожа Сұлтанқожаұлына ескерткіш мүсін орнатылып, бір көшеге есімі берілген.

         2009 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет орталығында ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының 175-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындар дәстүрі» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том.

Басты сөздер:

Пiкiрлер

  • 10.11.2012aselka_9898
    М.Сұлтанқожаұлы туралы толығырақ барма
  • 14.11.2012асельхан
    майлықожа өте жақсы ақын екен,артынан қандай өлеңдер қалдырған.
  • 14.11.2012аселя
    Майлықожа ата рахмет сізге.Сізге денсаулық,баыт тілеймін.
  • 29.01.2013талгат
    Дуниеден озган адамга денiнiн саулыгы, бакыттын не кажетi бар
  • 14.10.2014Жазира
    Майлықожа туралы тест бар ма?
  • 25.10.2014Сейдіибраһимқожа
    ақының өлеңі бір куанышты быр жубанышты
  • 27.10.2014Арман
    Мен Қожатоғайда тулғанмын Маилықожа жақсы жерде тұрған
  • 14.11.2014Жансока
    Сыздерге отыныш осы акын жайлы толык малымет жазыныздарш
  • 14.11.2014Жансока
    Сыздерге отыныш осы акын жайлы толык малымет жазыныздарш
  • 16.11.2014Гулдана
    Маган 3 жігіт өлеңін тауып бересыздерма
  • 16.11.2014Меруерт
    Маган Майлыкожа атамыздын олендери унады
  • 25.11.2014Айка
    сиздерге рахмет
  • 26.11.2014Арайка
    Майлыкожа атамыздын олендери маган да оте унады
  • 26.11.2014Аскар
    Маған Майлықожа толық өмір баяны керек
  • 26.11.2014Айтолкын
    Майлыкожа жакси суирип-салма акин екен
  • 26.11.2014дана
    майлықожаның бес асыл ісі туралы нақты мәлімет.
  • 27.11.2014нурасыл
    Толык акпарат
  • 27.11.2014Аружан
    Оте жаксы
  • 28.11.2014Дильназ
    Майлыкожа оте жаксы акын артына мура калдырган
  • 01.12.2014самал
    толыгырак малимет барма
  • 01.12.2014аоп
    Сизге узак омир тилеимин
  • 03.12.2014Айткүл
    Майлықожа туралы басқа да тыңғылықты ақпарат бар ма?
  • 05.12.2014Айсултан
    Майлыкожа Султанкожаулы кози сокыр деген малимет жок
  • 19.01.2015Бек
    Майлы қожа Қоңырат па? әлде Сиқым ба? Өйткені: Қожа мен молдаға - «бер» дегеннен, «жоқ» жақсы, Адамдықты ойласақ - мал мен бақтан ар жақсы - деп қожа молданы жаман сынаған ғой қай сөзінде де. Қожа дегені өтірік ау соны?
  • 15.02.2015Ержан
    Майлықожа ақын қожа болған. Ол кісіні қоңырат елінің ақсақалдары жақсы білетін.
  • 26.05.2015щакир
    майлыкожа сейт кожа сейттин ишиндеги саяк деген рудан
  • 23.09.2015Ерасыл
    Майлыкожанын жаксы мен жаманды калай жырлаган
  • 25.09.2015Айдана
    Майлықожаның рухын көтерген ақын және шығармаларының негізі мұраты, термелерінын маңызы туралы жазып отсеніздер
  • 13.10.2015Асылбек
    Майлықожа өз шығармаларында көбінесе жалпы адам мінездерін түзетуге жырлаған
  • 14.10.2015бауыржанкызы асел
    Баска олендеры барма
  • 20.10.2015Даулет Зұлхарнай
    Майлықожа атамыздың өлеңдерінің мағынасы өте биік.
  • 21.10.2015дана
    майлыкожа акын
  • 23.10.2015Камшат
    Майлықожа-адамгершілік туын көтерген ақын
  • 26.10.2015айдын
    оте жаксы
  • 09.11.2015Айдана
    Аселя қуып кетпеш
  • 17.11.2015
    Маган "Уш жигит" жыр - толгауын тауып бериниздерши
  • 18.11.2015
    3жигит оленин тауып бериниздерши
  • 18.11.2015асем
    Уш жигит толгауы
  • 18.11.2015Нурбакыт
    Майлыкожа деректер
  • 18.11.2015Алина
    Анкау мен ку оленин тауып беринiшшi срочно
  • 18.11.2015Алина
    Жылдын 4 мезiгiлi Олег барма
  • 23.11.2015Айжан
    Толык малемет отинем
  • 24.11.2015Нагима Ануарбековна
    Маилыкожа кимдердин шыгармаларынан нар алган
  • 25.11.2015Nazerke
    Майлықожа Сұлтанқожаұлы бабамыздың суретін тауып бере алассыздар ма?
  • 25.11.2015Перизат
    Жақсыбек
  • 26.11.2015Айжан
    Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы толық мәлімет алдым рахметтт!!!!!!!!!
  • 26.11.2015Аида
    Майлықожаның бес асыл ісі қандай?
  • 27.11.2015
    Майлыкожа бабамыздың урпактары бар Кожатогай ауылынан кошип. Сарыағаш ауданы, Жартытобе а/о Қурама елінде турады. Урпагы Бархатов Жадигер
  • 27.11.2015
    Майлыкожа бабамыздың урпактары бар Кожатогай ауылынан кошип. Сарыағаш ауданы, Жартытобе а/о Қурама елінде турады. Урпагы Бархатов Жадигер
  • 02.12.2015Оодбооль
    Жаксы
  • 02.12.2015Есим
    Мен азда болсада малимет алдым коп рахмет
  • 03.12.2015Анель
    Рахмет
  • 03.12.2015Дулат
    Шыгарма керек
  • 07.12.2015айбол
    Тагы не акпарат бар?
  • 08.12.2015луиза
    Тағы заманы туралы барма
  • 18.01.2016Бакдаулеь
    Менде Кожатогайда туылгам

Пікір қалдыру