Май ауданында оңтүстіктен қоныс аударушыларға 16 тұрғын үй салынады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Павлодар облысының Май ауданында Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келетіндерге республикалық трансферт есебінен 16 тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Ардақ Қаңтарбаев айтты, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

«Павлодар облысының елді мекендерінде тұрғын үй құрылысы ұзақ уақыт тоқырап тұрғаны белгілі», - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, биыл 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға таяу. Келесі жылы екі пәтерлік төрт тұрғын үй салынады. Бір жылдың ішінде 36 баспана қолданысқа берілді.

«Келесі жылы 24 пәтерлік үй саламыз. Колледж жатақханасын тұрғын үйге негіздеп, күрделі жөндеу жүргізіледі. Жас мамандар ауылда қалу үшін барлық жағдай жасалуда»,-деді А.Қаңтарбаев.

Оның айтуынша, 2017 жылы оңтүстік өңірден екі отбасы қоныс аударған. Отағасы бірден ветеринарлық станцияның басшысы болып жұмысқа орналасқан. Қоныс аударған бір шаңыраққа бір реттік төлем мен баспана жалдап тұруға арендалық төлем құны беріледі.

«Ауданда баспана құны арзан екенін ескеретін болсақ, бір реттік және 12 айға төленетін жалға алу қаражатын жинап, бір үй сатып алуға болады. Бұл үйді кепілдікке қойып, несие алуға болатын еді. Келесі жылы 40 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Біз оларды қабылдауға дайынбыз. Бюджетке ақша салынады», - дейді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар