Май ауданында омыртқа ауруларын емдейтін еліміздегі алғашқы орталық ашылады - Павлодар облысы

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Май ауданында 10 желтоқсан күні омыртқа ауруларын емдейтін еліміздегі алғашқы мемлекеттік орталық ашылады.

 Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Байболат Қазыбеков мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.">pavlodarnews.kz.

«Орталық омыртқа ауруларына шалдыққан және түрлі жарақаттан кейін тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалтуға бағытталған», - дейді ол. - Олардың кейбіреулерінің аяқтары жұмыс істейді. Алайда арбаға танылған кейбір жандар қалай әрекет етуін, немен айналысу керектігін білмейді. Сондықтан мұндай адамдарға алғашқы қадам жасап, балдақпен жүруді үйрету - орталыққа жүктелетін басты міндет. Бүгінде ауданда түрлі жағдайда жарақат алған және омыртқа аурулары бар 20 шақты адам тізімге алынған. 30 орынға есептелген мекемеде науқастар 30-40 күн  ем қабылдайды. Ақ желеңдінің айтуынша, бұл - Қазақстанда ресми түрде тіркелген алғашқы мемлекеттік оңалту орталығы. Мұнда арнайы реабилитолог маман науқастарға бірінші кезекте өзіне-өзі көмек көрсетуді, екіншіден, өзіне және айналадағыларға пайдасын тигізуді және қоғамға бейімделуді үйретеді. Сондай-ақ, су асты массаж, транежер залы және емдік дене тәрбиесі қарастырылған.

Айта кетерлігі, нысан 2009 жылы ашылған аудандық орталық аурухананың ішінде 1500 шаршы метр аумақта орналасқан. Мекемені отандық және ресейлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 57 млн теңге бөлінген. Барлығы 40-қа жуық қызметкер жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар