Маусым соңына дейін «Оқжетпес» ФК қос тəлімгер жаттықтырады

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Маусым соңына дейін Көкшетаудың "Оқжетпес"  футбол клубын  танымал қос тəлімгер жаттықтыратын болады. Бұл туралы команданың сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос жаттықтырушының бірі - ресейлік маман Сергей Николаевич Попков. Ол 2015 жылы "Оқжетпес" ФК жаттықтырған тəжірибесі бар. Ал, екіншісі елімізге танымал маман Борис Викторович Глушков. Борис кезінде Семейдің "Елімай" жəне "Спартак" , сондай-ақ, Теміртаудың "Болат" жəне Өскеменнің "Восток" командаларында ойнаған болатын. Ол ойнаған командалар сол кезде ел біріншілігінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұған Борис Глушковтың қосқан үлесі мол.

Сонымен қатар, ол «Елімай», «Астана», «Алтай» футбол клубтарын да жаттықтырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар