Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -22 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев: Қазақ-қырғыз қатынастарының жаңа кезеңі ашылды

2017 жылғы 5 желтоқсан 13:08 1300
Поделиться:
Мәулен Әшімбаев: Қазақ-қырғыз қатынастарының жаңа кезеңі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстанның жаңа басшысы Сооронбай Жээнбековтің кездесуі екі елдің қарым-қатынасында жаңа кезеңді ашып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«30 қарашада Минскте Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің кездесуі, сонымен қатар осы кездесудің қорытындысы бойынша екі ел үкіметтері тарапынан Жол картасына қол қойылуы Қазақстан мен Қырғызстан байланыстарында жаңа кезеңді ашып отыр», - деді Мәулен Әшімбаев агенттікке берген сұхбатында.

Оның пайымынша, Беларусь астанасында екі ел мемлекет басшылары арасында өте тығыз талқылаулар болып, оның нәтижесінде жедел түрде Жол картасына қол қойылды.

«Минскте қол жеткізілген уағдалыстықтарды, сондай-ақ  Жол картасында ескерілген басымдықтарды жүзеге асыру екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретіні анық»,- деді депутат.

Мәулен Әшімбаевтың атап өтуінше, Жол картасында қазіргі мәселелерді шешуге ықпал ететін өте маңызды шаралар қарастырылған. Олар Қырғызстан тарапына өнімнің санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауын қамтамасыз етуге байланысты болып отыр. Өйткені бұл тауарлар Қазақстан аумағына және ары қарай еліміз арқылы ЕАЭО-ның өзге де елдеріне тасымалданады.

«Мұндай бақылауды күшейту бойынша тиісті шаралар Жол картасында ескерілген, сонымен қатар Қырғызстанда кедендік әрі салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары қарастырылған. Бұл қадамдар және оларды іске асыру ЕАЭО аясында Қырғызстан арасында қабылданған барлық уағдаластықтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Депутат өз сөзінде Қазақстан мен Қырғызстан өте жақын елдер екенін, мемлекеттердің көптеген бірлескен экономикалық мүдделері қалыптасқанын, ал халықтар бауырлас екенін еске салып өтті.

«Осы орайда біздің қарым-қатынастарды тереңдету, ынтымақтастықты нығайту Қазақстанға да, Қырғызстанға да тиімді»,- деді М. Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары Толкунбек Абдыгулов екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойды

 Жол картасы шекара, көлік, фитосанитариялық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілендіру салалары бойынша өзара қарым-қатынас, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін шешуге негізделген 50 шараны қамтиды. Құжатта  тез арада қолға алынуы тиіс 16 шара, қысқа уақытта жасауы тиіс 5 және  жүйелі түрде жасалатын 29 шара ескерілген.

Жол картасына қол қойған соң Қазақстан мен Қырғызстан ЕАЭО сыртқы шекарасында кедендік, салықтық, ветеринарлық, фитосанитариялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізуді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне, сондай-ақ Қазақстан-Қырғыз шекарасы арқылы экспорттық-импорттық және транзиттік тауарларды Еуразияық экономикалық комиссия өкідерінің қатысуымен өткізуге қол жеткізеді.

Қырғыз тарапы жоғарыда көрсетілген салалар бойынша ЕАЭО талаптарына толықтай сай келетін дәрежеде бақылау жасауды мойнына алды. 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
Мұрағат