Мәулен Әшімбаев: Амал мерекесі - бірлігімізді арттыратын ерекше мейрам

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Фейсбукте барлық қазақстандықтарды амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін еліміздің батыс өңірінде амал мерекесі, көрісу күні басталды. Бұл - ел арасындағы береке-бірліктің, ынтымақ пен ырыс-құттың артуына игі әсерін тигізетін ерекше мейрам. Наурыз мерекесінің де амалдан бастау алатыны жайлы көптеген деректер бар. Ендеше жылдың басы болған бүгінгі мерекемен шын жүректен құтықтаймын!», - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол бүгін өкпе-наздың барлығы кешіріліп, Абай атамыз айтқандай, «қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасатын», ағайын-туыс, ауыл-аймақ бір-біріне айқара құшақ ашып көрісетін, көңілдерге көктем шуағын төгісетін күн екендігін баса атап өтеді.

«Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағындағы бұл тамаша мереке қыстан аман шыққан халықтың шат-шадыман күйге енетін сәті. Уақыт өткен сайын амал мерекесінің аясы кеңейіп, еліміздің өзге де өңірлерінде, әсіресе, жастар арасында кеңінен аталып өтуі көңілге қуаныш ұялатады. Бұл ынтымақ пен бірліктің белгісі. Татулығымыз бен тұрақтылығымыздың бастауы болған осы береке-бірлігіміз мәңгілік болсын! Жыл құтты да табысты болғай! Жаңа жылда еліміз жаңа биіктер мен белестерге жете берсін! Баршаларыңыздың шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», - деп атап өтеді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар