Матаевтардың ісі: Куәгер «ҚазТАГ»-қа қатысты былықтардың бетін ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №2 Есіл аудандық сотында Сейітқазы және Әсет Матаевтардың қылмыстық ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бұл жолғы сот отырысына «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің (ХАА) қызметкерлері шақырылып, сотқа жауап берді.

Айта кетелік, сотқа дейінгі тергеу іс-шараларынан анықталғандай, 2010-2015 жылдар аралығында Сейітқазы Матаев өз ұлы - «ҚазТАГ ХАА» ЖШС-інің бас директоры Әсет Матаевпен бірлесіп алдын-ала бір топ адамдармен сөз байласып, алдау мен сенімді теріс мақсатқа пайдалану жолымен мемлекеттік сатып алу саласындағы ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды. Ұрланған ақшаның көлемі 169 млн. теңгені құраған. 

«ҚазТАГ ХАА» ЖШС-інің бас редакторы Татьяна Өтеулиева сотқа берген жауабында ақпараттық агенттіктің басшылығы өз қызметкерлеріне мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша жасалған келісім-шарттардың техникалық ерекшеліктері жөнінде ешқандай ақпарат бермегенін әңгімеледі. Сол себептен тілшілерге нақты тақырыптар бойынша мақалалар жазуға айқын нұсқаулар берілмеген.
Сот отырысында судья мен прокурорлар ҚазТАГ-тың ортаазиялық әріптестерімен өзара іс-әрекеті жөніндегі мәселеге ерекше қызығушылық танытты. Татьяна Өтеулиева өз жауабында ҚырТАГ, АуғанТАГ, ӨзТАГ, ТәжікТАГ сияқты ақпараттық агенттіктердің кеңселері Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының ғимаратында орналасқанын айтты. Яғни шындап келгенде ҚазТАГ-тың Орталық Азияда ешқандай әріптестері болмаған. Бірақ дәл солардың есебінен ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігіне 2014 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттауға тапсырыс берілген.
«Іс жүзінде аталған сайттардың барлығы Алматыдағы бір серверде орналасты»,- деп растады Татьяна Өтеулиеваның соттағы сөзін ҚырТАГ, АуғанТАГ, ӨзТАГ, ТәжікТАГ сайтарына қызмет көрсеткен программалаушы маман Никита Красулин. ҚазТАГ ХАА-інің шығарушы редакторы Ирина Гумыркаинаның айтуынша, кейбір жаңалықтар жабық форматта жарияланып отырған. «Жаңалықтардың ашықтығы туралы шешімді тек Әсет Матаевтың өзі қабылдайтын. Жаңалықтарға жазылу құны 5 мың теңгені құрады»,- деп әңгімеледі сотта И. Гумыркина.

Әмірлан Әлімжан

Соңғы жаңалықтар