Мәскеуді «миналау» жалғасуда: сауда орталықтарынан 12 мыңға жуық адам шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде шұғыл қызметтер жарылғыш заттар туралы хабарламалардан кейін алты сауда орталығында тексеру жүргізуде. Бұл туралы ТАСС агенттігіне құқық қорғау органындағы дереккөз мәлім етті.

«Тексерулер «Домодедовский» сауда орталығында, Профсоюзный және Новоясеневский көшелеріндегі «Принц плаза» сауда орталықтарында, Химкидегі «Капитолий» СО-да, «Калужский» және «Азовский» сауда орталықтарында жүруде. Ғимараттардан тексеру уақытында 12 мыңға жуық адам эвакуацияланды», - деп хабарлады агенттіктің сұхбаттасы.

Сауда орталықтарының ғимараттарында кинологиялық қызметтер жұмыс істеуде.

Айта кетейік, бұған дейін жарылғыш заттардың қойылғандығы туралы қоңырауларға сәйкес, Мәскеудің екі сауда орталығында және 20-ға жуық ғимаратта - мұражайларда, «Яндекс» кеңсесінде, «Мосфильм» киностудиясында тексерістер жүргізілгені хабарланған болатын.

Ресей қалаларындағы мектептерде, жоғары оқу орындарында, сауда орталықтары мен әкімшілік ғимараттарда, әуежай мен вокзалдарда бомба қойылғандығы туралы қоңыраулар легі 11 қыркүйектен бастап түсуде. Тексерулер барысында хабарламалар жалған екені анықталуда, бірақ тууы мүмкін қауіпке байланысты мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілуде .

 

Соңғы жаңалықтар