Мәскеудегі қазақстандық студенттер аналарына хат жолдады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі қазақстандық студенттер 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, аналарына деген ыстық ықыластары мен мейірім-махаббаттары үшін алғыстарын хат жолдау арқылы жеткізді.



«Бүгін Ресейде оқып жатқан қазақстандық жастар 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Анаға хат» науқанын өткізуде. Мәскеуде білім алып жатқан әрбір студент анасын және туыстарына көктем мерекесімен құттықтап, хат жаза алады», - деді «Жас Тұлпар» Ресейдегі қазақстандық  студенттер бірлестігінің төрағасы, Ресейдің ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) магистранты Мұхтар Баймағұлов.

 

«Ақпараттық технологиялар дамыған заманда әрбір бала анасы мен туыстарына деген өздерінің махаббаттары мен ыстық ықыластарын хат жазу арқылы білдіре алады», - деп атап өтті Мұхтар Баймағұлов.

Науқанды өткізуге Ресейдегі ҚР Елшілігі және Экономика жоғары мектебі Ұлттық зерттеу университеті қолдау білдіріп отыр.

Осындай үлгідегі құттықтаудың маңыздылығы мен ерекшелігі туралы Қаржы университетінің аспиранты Қымбат Құнанбаева да айтып өтті.

 

«Ақпараттық технологиялар дамыған заманда ата-аналарымызға деген өз сезімдерімізді хат арқылы білдіру қалып барады. Сондықтан, мен де сүйікті анашыма хат жазуды ұйғардым», - деп бөлісті өз пікірімен Қ. Құнанбаева.

 

Науқан аясында мөлдір махаббат пен нағыз достық туралы қазақстандық фильм көрсетіліп, мерекелік фуршет ұйымдастырылды. 

null null null null null  

Соңғы жаңалықтар