Мәскеудегі алапат өртті сөндіре алмай жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мәскеудің солтүстігіндегі қоймада басталған өрт ұлғайып, 15 мың шаршы метрге жетті, деп хабарлайды астаналық ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі.  

Полярная, 31А көшесіне орналасқан бір қабатты қойманың жалпы аумағы 21 мың шаршы метр.

Өртті сөндіруге ТЖМ тікұшақтары тартылды. Сонымен қатар Мәскеу бойынша ТЖМ  жеке құрамының 126 адамы мен 50 техникасы тілсіз жаумен күресуде.

Өрт туралы хабарлама кеше, 16 тамызда мәскеу уақытымен 23:30-да түскен.

Қойманың қабырғалары құлап, тарсылдаған дыбыстар естілуде. Құтқарушылардың айтуынша, мұнда автохимия,  доңғалақ шиналары және халық тұтынатын тауарлар сақталған.

огонь везде #Москва #Медведково #Бабушкинская #пожар #0.28

Публикация от raw (@summerian_rawwwrr) Авг 16 2017 в 2:28 PDT

Соңғы жаңалықтар