Мәскеуде өткен чемпионатта батысқазақстандық балғын каратэшілер жүлдегер атанды

None
None
 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында өткен Ресей Кекушинкай каратэ одағы V чемпионатында батысқазақстандықтар жүлдегер атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аталмыш жарысқа Ресейдің 21 өңірі мен Қазақстаннан 370 спортшы қатысып, олар алты жас және одан жоғары, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында 38 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Біріншілікке Батыс Қазақстан облысынан сегіз балғын каратэші барса, соның алтауы жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Нұргүл Сапарова алтыннан алқа тақса, Батыр Дүйсекешев пен Қарақат Асылбекқызы екінші, Әлфараби Есполов, Ердәулет Нұрадин және Азат Қапанов үшінші орынға ие болды. Балаларды Солонго Исхан мен Сұңғат Жолданов жаттықтырады. «Ең бастысы, шәкірттеріміз шеберлігі өсіп келе жатқанын тағы бір дәлелдеді», деді Солонго Исхан.

1

2

3

4

5

Соңғы жаңалықтар