Мәскеуде Мемлекеттік тілді дамыту қорының инновациялық жобалары таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Мемлекеттік тілді дамыту қорының инновациялық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«Қазақ мәдениетінің Мәскеулік қоғамы «Мұрагер» өңірлік қоғамдық ұйымының бастамасымен Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында «Ресей халықтарының дәстүрлі мәдениетін, патриоттық тәрбиені, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға, қоғамдық дипломатия мен орыс халқының көпұлтты, көпконфессиялық бірлігін дамытуға негіз ретінде кешенді көзқарас» атты  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысушыларға қордың оқу, мәдени, ғылыми, шығармашылық жобалары, мысалға, қазақ тілін тегін оқытуға арналған «Soyle.kz» онлайн курсын, «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиясын, «Tattialma.kz» балалар әдебиеті сайтын, «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн ойынын, «Менің Казақстаным», «Ұлы тұлғалар», «Қазақстан мерекелері» мобильді қосымшаларын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Qazaqstan3D» Қазақстанды таныстырудағы ерекше  мультимедиалық  жолсерігін, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін, мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін сақтауға ықпал ететін «Жеті қазына»  мобильді энциклопедиялық- қосымшасын, сонымен қатар смартфондар мен планшеттерға арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard»жаңа жобасын таныстырды.

Аталмыш жобалар - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жасалған.

Осы іс-шара аясында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Мәскеудегі және РФ облыстарындағы қазақ диаспораларының өкілдерімен «Рухани жаңғыру бағдарламасының» негізгі мақсаттарын түсіндіру, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін, әдеби және рухани жетістіктерін сақтау тақырыбында кездесулер өткізді.

Соңғы жаңалықтар