Мәскеуде қоймадан шыққан тілсіз жаумен арпалыс кезінде 7 өрт сөндіруші жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Шығыс әкімшілік округындағы Амур көшесінде орналасқан жасанды гүлдер қоймасынан шыққан алапат өртті сөндіру кезінде 7 өрт сөндірушімен байланыс жоғалып кетті, деп хабарлайды Би-би-си РФ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтемемен.

Мәліметтер бойынша, оларды құлаған шатыр басып қалған болуы мүмкін немесе олар өртенген еденнің астына құлап кеткен болуы ықтимал. Бірақ бұл мәліметтерге нақты дәлел жоқ.

Айта кетейік, бейсенбі күні Мәскеу уақытымен 17:23-те аталған қоймада алапат өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Қойма "Виктория" ЖАҚ-ға тиесілі. Тілсіз жау әуелде 250 шаршы метр жерді шарпыған. Бірнеше сағаттан кейін өрт 4 мың шаршы метр аумаққа тарап кеткен. Өрттің күрделілік деңгейі 4 балға жетіп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар