Мәскеуде қазақтың тілін, тарихын білуден Олимпиада өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде «Елім менің» Олимпиадасы мәреге жетті.

Онда Ресей Федерациясының аумағында тұратын отандастарымыз қазақ тілін, Қазақстанның мәдениеті мен тарихын білуден сайысқа түсті.

Олимпиадаға 14-24 жас аралығындағы қазақ азаматтары және қазақ тілін меңгеріп жүрген ресейлік студенттер қатысты.

Зияткерлік сайысты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында ресейлік өңірлердегі қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктердің қолдауымен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі және консулдық мекемелері ұйымдастырды.

Олимпиаданың ақтық кезеңі Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде өтті. Жеңімпаз жоғары 128 балдың 100-ін иеленген Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің студенті Инесса Қуанова атанды. Екінші орынды Санкт-Петербор сәулет-құрылыс университетінің студенті Нұрсұлтан Асылхан иеленді. Үшінші орын Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің студенті Анастасия Решетниковаға бұйырды.

Олимпиаданың ең жас қатысушысы Мәскеу мектебінің үшінші сынып оқушысы Тахир Аршабаев болды. Ол арнайы сыйлықпен марапатталды. Іс-шара қазақстандық студенттердің «Шабыт» этно-музыкалық тобының шағын концертімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар