Мәскеуде қазақстандық спортшы аралас жекпе-жекте бразилиялықты нокаутқа түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 85 турнирі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Негізгі айқастың біріне қазақстандық спортшы Арман Әшімов (6-2-1) шықты. Оның қарсыласы бразилиялық Эрвани Родриго Серра Мелонио (16-2) болды.

Үш раундқа созылған ең жеңіл салмақтағы жекпе-жекте Әшімов бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.


Осылайша Арман кәсіпқой спортттағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ал, Серра Мелонио үшін бұл үшінші жеңілісі.

Соңғы жаңалықтар