Мәскеуде Қазақ мәдениеті күні өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 14 сәуірде Пионерлер сарайының Үлкен концерт залында "Мой дом - Москва" атты мәскеулік балалардың ұлттық мәдениет фестивалінің аясында Қазақ мәдениеті күні өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шараны Мәскеу қаласының ұлттық саясат және өңіраралық байланыс департаменті, Мәскеу қаласының білім департаменті, мәскеулік "Қазақ диаспорасы" қоры мен "Этногармония" этномәдени бастамаларды қолдау қоры Қазақ этномәдениетін дамыту мен сақтау жөніндегі коммерциялық емес ұйым одағының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Мерекені дайындау жұмыстарына мәскеулік жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысуда. Мерекенің бағдарламасында халықтық спорттық ойын-сауық шаралары мен жарыстар, балалар суреттері мен ұлттық туындылар көрмесі, халық қолөнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

Мереке концерттік шараға ұласады. Онда қазақстандық және Мәскеу қаласының көркемөнерпаздар ұжымдары өнер көрсетіп, түрлі қойылымдар қояды.

Соңғы жаңалықтар