Мәскеуде екі қазақстандық көлікте өлі күйінде табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігінде көлікте Қазақстанның екі азаматының мүрдесі табылды, деп хабарлады Рен ТВ телеарнасы.

Екі қазақстандықтың мүрдесі Мәскеудің Дмитровск ауданында «Газель» көлігінен табылды.

Қазақстандықтар тауар алу үшін қоймаға келген. Іздеу олар уақтылы тауар алуға келмегеннен кейін басталған. Журналистерге сұхбат бергендер олар газбен уланғанын мәлім етті.

Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар