Мәскеуде Дулат Исабековтің 4 томдық таңдаулы шығармалар жинағы таныстырылды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде жазушы, драматург Дулат Исбековтің 4 томдық таңдаулы шығармалар жинағының тұсаукесеріне арналған шығармашылық кеші өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның Мәскеудегі меншікті тілшісі хабарлады.

Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жазушының еңбектері кең таралып, басқа да шет тілдерге: ағылшын, неміс, болгар, венгер, чех тілдеріне аударылды.

2014 жылы Лондонда Д.Исабековтің «Гауһартас және басқа да әңгімелер» атты повестер мен әңгімелер жинағы жарық көріп, «Өкпек жолаушы» пьесасының желісімен спектакль қойылған еді.

2016 жылы Мәскеудегі «Көркем әдебиет» баспасында автордың 4 томдық таңдаулы шығармалары басылып шықты.

Дулат Исабеков төрт томдық жинағы жайлы айта келе, кейбір шығармаларды редакциялағанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұрын аударылмаған туындыларды аударуға көмектескен аудармашылардың баға жетпес еңбегін атап  өтті.

«Осының арқасында екі том проза мен екі том драматургия жарық көрді. Бұл менің 4 томдығымның Мәскеудегі тұсаукесері. Оның бірінші таныстырылымы Алматыда өтті», - деді жазушы.

Д.Исабеков болашақтағы жоспарларымен бөлісе отырып, Лондонда еңбектерінің тұсаукесері өтетінін хабарлады.

«4 маусым күні Лордтар Палатасында менің ағылшын тіліндегі туындыларымның тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар, корольдік театрда менің пьесамның премьерасы болады», - деді ол.

«Дулат Исабековтің туындыларын шығару туралы ұсыныстар оқырмандардан келіп түсті. Бұл тапсырыс Алматы облыстық кітапханасынан түсті. Бұл ұсынысқа жауап қайтардық. Кітаптар жарық көрді», - деді Г.Пряхин, 4 томдықтың 3-6 маусым аралығында Мәскеудегі «Қызыл алаң» кітап фестивалінде ұсынылатынын айта отырып.

 

Соңғы жаңалықтар