Мәскеуде ажал құшқан екі қазақстандықтың аты-жөні анықталды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде қаза тапқан екі қазақстандықтың аты-жөні анықталды, деп хабарлайды Ресейдегі ҚР елшілігі.

«Екі Қазақстан азаматының автомобильде табылған мәйіті туралы ақпарат ресейлік БАҚ-тарда жарияланғаннан кейін, ҚР-дың РФ-тегі Елшілігінің консулдық қызметі мамандары Мәскеу қаласындағы Дмитровский ауданының Ішкі істер органына барған. Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, табылған мәйіттер Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі болып шықты. Қаза тапқан екі азамат - Баркалов Алексей Русланович пен Москалев Виктор Николаевич - Маңғыстау облысының тумасы», - делінген хабарламада.

Алдын ала дерек бойынша, олар газдан уланып қаза тапқан. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамасынан кейін анықталады.

ҚР-дың РФ-тегі Елшілігінің консулдық қызметі бұл мәселені бақылауына алып отыр. Көз жұмғандардың туыстарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі

Хабарланғандай, «Газель» автомобилінде қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі Мәскеудің Дмитровск ауданында табылған. 

Соңғы жаңалықтар