Мәскеу облысының орталығында ірі өрт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу облысындағы сауда орталығы отқа оранды, деп хабарлайды ТАСС.

Жедел штаб Мәскеу облысында болған өрттен бір адамның мерт  болғандығын растады. Тағы екі адам зардап шеккен.

«Сауда орталығында болған өрттен зардап шеккен бір адам емханаға жатқызылды, ал бір адамға амбулаторлық көмек көрсетілді», - деді баспасөз қызметі.

ТАСС агенттігінің хабарлауына қарағанда, сауда орнынан шыққан өрт 55 мың шаршы метр аумаққа жайылған. Өртті сөндіруге 100-ден аса адам мен тікұшақ қызметі жұмылдырылды.  Жалын шыққан ғимараттан 3000 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды.

Соңғы жаңалықтар