Мәскеу облысында дәмханада болған өрттен үш адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңында орналасқан Клин қаласында дәмханадан шыққан өрттен үш адам көз жұмды. 

Бұл туралы ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

«Клин қаласында Карл Маркс,87 мекен жайында орналасқан «Сапожок» дәмханасында өрт болды, салдарынан үш адам ажал құшты», - деп мәлім етті агенттік сұхбаттасы.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасы қайғылы оқиғаны растады. Зардап шеккен төрт адамның үшеуі ауруханада көз жұмды.

Тілсіз жау 48 минутта ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар