Мәскеу әуежайында Қазақстанға баратын жүктен 56 мың еуроны ұрлап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мәскеудегі Шереметьево әуежайының полицейлері Қазақстанға бара жатқан жүктен 56,5 мың еуроны ұрлауға күдікті жүк тиеушіні ұстады, деп хабарлайды ТАСС  РФ ІІМ  ресми өкілі Ирина Волкке сілтеме жасап.

«Ресей ІІМ желілік басқармасының Шереметьево  әуежайындағы кезекшілік бөліміне  мәскеулік коммерциялық банктің бірінің өкілі жүктің біршама бөлігінің жетіспейтіндігіне шағымданған.

Ер адам өткен аптада ірі сомадағы қаржы -5 миллионға жуық еуроны Шереметьево әуежайы арқылы Қазақстан Республикасына жібермек болған.

Ұшақ тиісті орынға жеткенен кейін  жүк қабылдаушы 56 мың 500 еуроның жетіпсейтіндігін анықтаған», - деп атап өтті И.Волк.

Оның айтуынша, полицейлер күдікті ретінде  әуежайда жұмыс істейтін Подмосковья тұрғынын ұстаған.

« Ер адам істеген қылмысын мойындады. Оны тексеру барысында 10 мың еуро табылды, қалған сома оның үйінен шықты», -деді И.Волк.

Соңғы жаңалықтар