Машинист бульдозермен бірге мұз астына түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  РФ Амур облысының Зея ауданындағы карьерде жұмыс істеп жүрген машинист бульдозерімен бірге мұз астына түсіп кетті. Машинисті іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Аталған факт бойынша, тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Ресей Тергеу комитеті аймақтық тергеу басқармасының баспасөз қызметі.

«Сейсенбі күні аудандағы Зея -Тында автожолының 55 шақырымындағы карьер маңында жұмыс істеп жүрген бульдозер мұз астына түсіп кетті. Оны 1967 жылы туған ер адам басқарған. Аталған фактіге сәйкес РФ ТК ТБ Амур облысы бойынша Зея қаласының тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын ұйымдастырды», - деп хабарлады мекеме.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, оқиға кезінде машинист құрылыс техникасының кабинасында болған. Карьердің тереңдігі шамамен 18 метрді құрайды. 

Соңғы жаңалықтар