Мас жүргізуші соттың шарбағын бұзып кірген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық сотында мас жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы 5 желтоқсанда түнгі сағат 1:30-да М. есімді азамат көлікті мас күйінде жүргізген. Оған қоса, тиісті құжаттары болмаған. Ал Абай көшесімен келе жатқанда Ақтоғай аудандық сотының шарбағына соғылып, ауласына кіріп кеткен.

«Сот отырысы кезінде М. есімді азамат өз кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысына сәйкес, ол Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодекстің 608-бабы, 6-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі күшіне енді», - делінген ресми хабарламада.  

Соңғы жаңалықтар