Мас оқушы үшін мектеп басшылығы жауапкершілікке тартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск ауданының Долинка кентіндегі жалпы білім беретін орта мектеп оқушысының сабаққа мас күйінде келгені үшін директордың орынбасары мен сынып жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оқушының мас күйінде сабаққа келгені үшін тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары мен оқушының сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылды», - деді Шахтинск қаласы білім беру бөлімінің басшысы Николай Онсович.

Қаланың бас педагогінің айтуынша, жетінші сынып оқушысы қатты күйзелістен спирттік ішімдік ішкен.

«Оның ата-анасының қарым-қатынасында  қиындықтар туындаған және бала мұны ауыр қабылдаған. Бұл отбасы жақында Қызылорда қаласынан көшіп келген. Бала жаңа мектепте әзірге бейтаныс балалармен бірге оқып жүр. Осы оқиғадан кейін мектепке бірнеше рет барып, баламен сөйлестім. Оған бұл мектепте оқыған ұнай ма, оқу бағдарламасына үлгеріп жатыр ма деп қызығушылық таныттым. Өзімнің телефон нөмірімді беріп, қажет болса хабарласуын сұрадым», - деді  Николай Онсович.

Еске сала кетсек, Долинка кентіндегі орта мектептің жетінші сынып оқушысы сабаққа өлесі мас болып келген еді. 

Соңғы жаңалықтар