Мас қостанайлық танысын пышақтап тастады

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ер адам өзінің танысына пышақ салып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қостанайдағы саяжай учаскесінің бірінде болған. 52 жастағы қала тұрғыны 35 жастағы ер адамды пышақтап тастады. Алдын ала болжам бойынша, таныстар арасында өзара келіспеушіліктен соң жанжал шыққан.

«Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Екеуі де мас күйде болған», - делінген ведомство хабарламасында.

Осы факт бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар