Мас әке 11 жастағы қызын соққыға жықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мас әкесі соққыға жыққан 11 жастағы қыздың жағдайы тұрақты. Бұл жайында Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, 10 наурыз күні кешкі сағат 21-25-те №2 қалалық балалар ауруханасына анасымен бірге 11 жастағы қыз бала келген.

«Анасының айтуынша, қызды мас әкесі соққыға жыққан. Баланы №2 қалалық балалар ауруханасының нейрохирургі тексеріп, бас миы шайқалу диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, стационарлық ем алуын жалғастырып жатыр», - делінген денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Соңғы жаңалықтар