Мас адамды бірден айықтыратын таблеткалар бар ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық 1 емxананың токсикология бөлімшесінің меңгерушісі Галина Башинскаяның айтуынша, ондай дәрі-дәрмектер бар. Бірақ ондай таблеткалар тегін ем-домның санатына жатпайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, ондай таблеткалар бар. Олар адамға арақтан тез айығып кетуіне көмектеседі. Былайша айтқанда, ащы судан айығу процесін шапшаңдатады. Дәл қазір ол препараттар Астанада сатыла ма, жоқ па, оны нақты айта алмаймын. Білуімше, Қазақстан аумағында ондай таблеткалардың тіркеу мерзімі аяқталды. Бір кездері оны дәріxаналарда сатқан. Біз болсақ, осы санатқа жататын препараттарды қолданбаймыз. Өйткені ол тегін медициналық қызмет түріне жатпайды», - деді Башинская ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
Осыған байланысты токсикология бөлімшесінің меңгерушісі Жаңа жылда спирттік ішімдіктерді мөлшерден көп ішпеуге кеңес беріп отыр. Сондай-ақ әрбір адамның мөлшері әртүрлі екенін тағы бір мәрте еске салды.

«Алдымен қаңтардың 1-күні қандай жағдайда тұратынымызды ұмытпауымыз қажет. Ем қабылдайтын адамдарға аса сақ болған дұрыс. Себебі барлық дәрі-дәрмектер спирттік ішімдіктермен қатар қабылдауға келе бермейді. Бас жазуға болады. Бірақ 50-70 граммнан асырмау қажет. Өйткені оның арты мерекенің «жалғасы» болып кетеді», - дейді Г.Башинская.

Айта кетейік, бөлімше меңгерушісі Астанада жаңа жылдық корпоративтер кезінде токсикологияға түскендердің қаншалықты көп болғаны жайында айтып берді.

Соңғы жаңалықтар