Мароккода 17 адам тапталып, мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мароккода гуманитарлық көмекті тарату кезіндегі кемінде 17 адам тапталып, мерт болды. Бұл туралы Белта хабарлайды.

Оқиға елдің Эс-Сувейра қаласында болған. Гуманитарлық көмекті тарату кезінде, қатты сығылыстан 17 адам мерт болып, тағы 40 адам жарақат алған.

Дәрігерлер оқиғадан шардап шегушілердің саны әлі де артуы мүмкін екендігін айтуда. Мерт болғандардың басым бөлігі әйелдер.

Соңғы жаңалықтар