Марокко ИЫҰ-ның Астана саммитіне қатысатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Арнайы уәкілі - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Марокко Корольдігіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сапар барысында Арнайы уәкіл Марокконың Сыртқы істер министрі Насер Буритамен кездесіп, онымен саяси, экономикалық, инвестиция және мәдени салалардағы екіжақты ынтымақтастықты белсендіру жолдарын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылады.

А. Камалдинов Марокконың Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс білдірді. Ол Корольдіктің басты халықаралық мұсылман құрылымы болып есептелетін Ислам ынтымақтастығы ұйымын құрушы мемлекет ретіндегі басты рөлін атап өтіп, 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар бойынша бірінші саммитіне Марокко Королі Мухаммад VI қатысуының маңызды екендігі туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жолдауын тапсырды.

2

Н. Бурита Корольдің Қазақстан Президентінің бұл бастамасын жоғары бағалайтынын және алдағы өтетін саммитке баса мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар марокколық министр ғылым мен технологияны дамытуға арналған осы мұсылман лидерлерінің бірінші кездесуін өткізу идеясының марокколық монархтың ИЫҰ қызметі аясын кеңейтуге қатысты ойымен сәйкес келетінін жеткізді. Осы орайда, сыртқы саяси ведомствоның басшысы Марокконың ИЫҰ Астана саммитіне ең жоғары деңгейде қатысатындығын қуаттады.

А. Камалдинов Марокконың баламалы энергетиканы дамыту саласындағы қызметін жоғары бағалап, елдің оңтүстігінде орналасқан аймақтағы ең үлкен «Нұр» күн электр станциясының жақын арада  іске қосылуымен құттықтады. Осы ретте, Арнайы уәкіл марокколық мамандандырылған компанияларды Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді түрде қатысуға шақырды.

Сұхбат барысында тараптар халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша ұстанымдарымен бөлісті. Марокколық министр Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметіне және Сирия бойынша келіссөздердің Астана процесіне жоғары баға берді.

А. Камалдинов өзінің жұмыс сапары бағдарламасының шеңберінде Мағриб елдері сауда-өнеркәсіптік палатасы одағының басшылығымен және бірқатар марокколық кәсіпкерлермен кездесіп, олармен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің келешегін талқылады. Бұған қоса ол Корольдіктегі Қазақстанның Құрметті консулдығының ғимаратына барып, сол елдің орталық телеканалы мен бірқатар БАҚ баспасөз беттеріне сұхбат берді.

3

Соңғы жаңалықтар