Марк Дакаскос қазақстандық тағы бір тарихи фильмге түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері Марк Дакаскос қазақстандық тағы бір тарихи фильмге түсті. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Алтын жауынгер», Қожа Ахмет Ясауи және Айша бибі кесенелері жайында фильмдердің циклі бар. Бұл туындылар Би-Би-Си телеарнасының қатысуымен дайындалды. «Күлтегін» деректі-тарихи фильмін, Марк Дакаскостың қатысуымен америкалық «Castlefilm» компаниясымен «Номадтар жері»  ғылыми танымал фильмін түсіру ескерілген. Бұл фильмдер субтитрлермен әрі БҰҰ-ның алты тілінде дубляжбен шығады. Сонымен қатар олар 700 млн адамнан астам аудиторияны қамти отырып, Discovery, Viasat History, National Geographic телеарналарында көрсетіледі», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда жалпыұлттық маңызы бар - 100, жергілікті маңызы бар 500 киелі жерлердің тізімдері жасалып, жүйеленді. Сонымен қатар киелі Қазақстан теориялық, әдістемелік аспектілер, ұжымдық монография және тағы да басқа ғылыми еңбектер баспаға дайындалуда.  «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы көпфункционалды виртуалды 3D-форматта таныстырылады. Осы орайда ол барлық мобильдік қосымшаларда қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, Марк Дакаскос осыған дейін «Көшпенділер» атты тарихи фильмге түскен болатын. Бұл туынды 2005 жылы кинотеатрлар экранына шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар