Марат Омаров: Электромобильмен жүру екі есе пайдалы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте өткен жылы грант ұсыну ережелері өзгерген болатын. Жаңа талаптар бойынша 208 адамның ұсынысы өтіп, олардың 13-не 2,4 млрд теңгенің гранты берілген. Биыл болатын Агенттіктегі өзгерістер мен трансферт технологиялар жүйесінің дамуы мен бизнес-инкубаторларды субсидиялау жұмыстары жөнінде агенттік төрағасы Марат Омаров айтып берді.

Өткен жылы Агенттік басшылығына келдіңіз, алдыңызға қандай мақсаттар қойдыңыз?

Экономикалық тұрғыдан алғанда алдымен барлық тәсілдерді дұрыс таразылау керек. Бүгінгі нарыққа не керек, агенттік не істеу керек және тиімді қолдауды қалай жүзеге асыру керек. Мен осындай мақсатпен келдім.

- Грантқа өтініш берушілерге қойылатын талапты неліктен күшейттіңіз?

- Байқағанымыз, қаншалықты аз грант алса, экономикалық тиімділігі соншалықты көп. Негізгі талаптар агенттік пен өтініш беруші арасында технология құнының  бірлесе қаржыландырудағы тепе-теңдікті қайта қарауға қатысты болмақ. Бұл көрсеткіш бұрын 80 де 20 пайыз деңгейінде  болып, шығынның ауқымды бөлігін агенттік өтеп келген. Бұдан былай көрсеткіш - 50 де 50 пайыз болмақ.  Жиынтық табыс үш жылдың ішінде жобаның құнын жабуы керек. Адам өз қалтасынан шығатын қаржысымен тәуекел етіп, жобаның жарты құнын өзі салса, бұдан алға ілгерілеушілік байқалады, демек, сапа да жоғары. Жоба иесі 80 пайыз грант алған кезде, ол ешқандай қатерге бас тікпейді. Сол үшін біз тәуекелді тең бөліп, жоба құнының бір бөлігін өтініш берушінің өзіне қалдырамыз.

-Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан агенттік тарапына көптеген сындар айтылып жатады. Бұл неліктен?

-Меніңше, бұл инновациялардан халықтың үлкен үміт күтуінен. Салынған қаражатқа сәйкес адамдар Қазақстанда жаңа Google, Amazon немесе Facebook пайда болса дейді. Меніңше бұл әділетсіз. Көпшілік жылдам нәтиже көргісі келеді. Жалғыз агенттіктің немесе жалғыз компанияның мұндай ауқымдағы жұмыс көлемін игеруге шамасы жетпейді. Бұл жерде көптеген факторлар бар. Әр институт, немесе бұған қатысы бар барлық ұйымдар бірігіп күш салуы керек. Бұл - білім, қаржы салаларына, жекеменшік сектор, үкімет және басқа да салаларға қатысы бар сұрақ. Бәрі біріксе нәтиже шығуы мүмкін.

Агенттікте жекешелендіру жұмыстары жоспарланған ба?

- Иә, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік 100 пайыз «Бәйтерек» холдингінің еншілесі ұйымы болып табылады. Агенттіктің өзі технопарктер мен конструкторлық бюролардан бастап жекешелендіру тізімінде тұр. Қазір стратегиялық кеңесшілерді таңдап алу жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін біз агенттікке стратегиялық серіктестер тауып, жұмысымызды жандандырамыз деп ойлаймын.

Меншік иесі кім болуы мүмкін?

- Алдымен агенттікті сату алдындағы дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Болашақтағы инвестор туралы келісімдер одан кейін қолға алынады.

-Электромобилдерге көшу туралы бастамаңыз жөнінде айтып беріңізші, біздің қысқа ол жарай ма?

- Мен ол шешімді баяғыда қабылдағам. Қазір жұмысқа, жиналыстарға оп-оңай барып жүрмін. Қуаты жетіп тұр. Бәрі аязда қатып қалады деп ойлайды, қатқан жоқпыз, жүріп жүрміз. Керісінше көлікті қыздыруға уақыт кетпейді. Батарей тез жылынады. Бензин тапшылығын сезінген жоқпын. Элекромобильмен жүру екі - есе пайдалы.

- Әңгімеңізге рахмет

Соңғы жаңалықтар