Маңызды мәселелерді шешпей алға баспаймыз - депутат

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров Қазақстанның әлемде болып жатқан төртінші индустриялық революциядан қалмауы керектігі - ерекше маңызға ие екендігін пайымдайды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Жолдауы туралы пікірін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне айтып берді.

Мәжілісмен өз сөзінде алдымен Президентінің Жолдауда көрсетілгендей 10 міндеті туралы сөз қозғады.

«Менің ойымша, бұл тапсырмаларды бүкіл ел болып қабылдап, Жолдауды жіті зертеуіміз керек. Сонымен бірге, әрбір адамның өз саласында осы міндеттердің іске асыруына күш салғаны абзал. Банк секторында, адами ресурс, ауыл шаруашылығы, индустриализация саласында шешімді талап ететін мәселелер баршылық. Бұл мәселелерді біржақты етпей, алға баса алмаймыз. Біздің алдымыздағы жаңа міндет - 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну», - дейді Айқын Қоңыров.

Депутат өз сөзінде еліміздің нарық заманында даму даңғылына түскенін тілге тиек етті.

«Кез келген экономиканың дамуы - қаражаттың бар болуы. «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы, банк жүйесінің қайта жаңғыртылуы елдің алдағы уақытта дамуының өзекті бағыты деп айтуға әбден болады. Біздің мемлекетте қолға алынып жатқан шаралар экономикалық өсімді көздеп, халықаралық экономикалық дағдарыс жағдайына лайықты жауап бере білуді көздейді», - дейді мәжілісмен.

Айта кетейік, бүгін ҚазақстанРеспубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар