Маңғыстаулық мұнайшылар Ақмола облысының демалыс орындарына шақырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасының Жолдауында айтылған ішкі жəне сауықтыру туризмін дамыту бағытында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының делегациясы Маңғыстау облысында болды. Делегация құрамында кәсіподақ, туристік сала, ірі шипажайлар жəне демалу орындарының өкілдері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау жəне Жаңаөзен қалаларында «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз» жəне «Өзенмұнайгаз» сияқты еліміздегі ірі мұнай компанияларының басшылығы жəне кəсіподақ төрағаларымен кездесу өткізілді. Онда Ақмола облысының шипажай-курорттық əлеуеті таныстырылды.

Екіжақты келісөздер нәтижесінде ақпан айының басында мұнайшылар үшін Бурабай жəне Зеренді демалу орындарында ақпараттық тур ұйымдастырылатын болды.

Сондай-ақ, Ақмола облысы мен Маңғыстау облысы кəсіподақтарының аумақтық бірлестіктері əлеуметтік-экономикалық , еңбек құқығы жəне кәсіподақ мүшелерінің мүдесін қорғау, Маңғыстау облысындағы кәсіпорындар мен өнеркәсіп саласындағы жұмысшылардың Ақмола облысы аумағындағы шипажай, сауықтыру орындары, демалу үйлерінде жəне пансионаттарында демалдыру бағытында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

null null 

Осы ретте делегация құрамында болған Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғалиев Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысында ішкі жəне сауықтыру туризмін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

null  

«Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалиннің тапсырмасына сәйкес, Бурабайға сауықтыру жəне демалуы үшін еліміздегі ірі кәсіпорындар мен өнеркәсіп орындарының кәсіподақ жұмысшыларын тарту жұмыстары қолға алынып отыр. Осы ретте, облыстың туристік əлеуетін ілгері жылжыту үшін бірінші болып, жұмысшыларымен ұжымдық келісімшарты жəне əлеуметтік пакеттері бар ірі кəсіпорындар шоғырланған Маңғыстау облысынан бастап отырмыз. Маңғыстаудағы үш мұнай компаниясының өзінде 20 мың адам жұмыс істейді. 2018 жылы Көкшетау - Ақтау (20 мың теңге тарифімен аптасына 2 реттен кем емес) жəне Алматы - Көкшетау (18 мың теңге тарифімен аптасына 2 реттен кем емес) əуе бағыттарын субсидияландыру арқылы туристердің ағымын арттыру көзделіп отыр...», деді Марат Иғалиев.

null 

Соңғы жаңалықтар