Маңғыстаулық былапыт сөзбен sms жібергені үшін қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былапыт сөздермен sms-хабарлама жіберген Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны 2 тәулікке қамалды, деп жазады Лада.кз.

Бейнеу аудандық соты ер адамның 2017 жылдың 22 тамызында қасақана былапыт сөздермен хабарлама жолдап, басқа азаматтың тыныштығын бұзғанын анықтады.

Тергеу қорытындысына сәйкес, аудан тұрғыны кінәлі болып танылды. Сот оны 2 тәулікке қамауға алу туралы жаза тағайындады.

Соңғы жаңалықтар