Маңғыстаудың түйелерін ұрлаған шетелдіктер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстаудан түйе ұрлаған Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп жазады Лада. 

Облыстық ішкі істер қызметкерлері түйе ұрлағандарды Бейнеу ауданы мен Атырау аумағынан ұстаған.

Барымташылар ірі қараны Қызылсай ауданындағы өндіріс аумағынан түйелер қараусыз қалғанда айдап әкеткен. Жедел іс-шара барысында ірі қара малды ұрлаумен айналысатын топтардың бірі Атырауда, тағы бірі - Бейнеу ауданының аумағында ұсталған.

«Күдіктілерді тексеру барысында олардың бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болғандары анықталды. Сондай-ақ, олар 8 қаңтарда Ақтаудан бес шақырым жерде жайылып жатқан екі түйені ұрлаған. Барымташылар Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 2 миллион 750 мың теңге», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарлама.

Оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар