Маңғыстаудың әйгілі жерлері: тасбақалы шатқал және Азиядағы ең терең ойпат

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау табиғи және тарихи жерлерімен, археологиялық ескерткіштерімен ерекшеленетін қала. Бұл өңірдің тас дәуірінде адамдар мекен еткен көптеген жерлері киелі деп саналады, өйткені мұнда 362 көріпкел әулие жерленген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 метр төменде орналасқандықтан Азиядағы ең терең ойпаттардың қатарына жатқызылады. 

Оның ұзындығы 85 км, ені 25. Ойпаттың түбінде ағын суы бар шағын көлшік және бұлақ орналасқан. Бұл жердің суы сортаңды. Ойпаттың оңтүстік батыс жағында суалып бара жатқан Батыр көлі бар.

3

4

5

6

Саура шатқалы. Бұл жерден ғасырлар бойы қураған ағаш діңгектерін көруге болады, сол себепті шатқал түбінде суы мол өзен аққан деп саналады...

Шатқал теңіз жағасына дейін жалғасқан, оның ең көрікті жері үш жағынан сфера пішінді тік жартастар қоршап тұратын Саура көлі. Бір жағынан арна табиғаттың жасаған биіктігі шамамен 50 метрлік тостағанға ұқсайды. Көде батпақты жердің тасбақалары мекендейді. Ал шөлдің тасбақасы аяқ астында өріп жүреді.

8

9

10

11

13

Шерқала - Ақтау қаласынан шамамен 94 км қашықтықта орналасқан жалғыз тау. Ол да Маңғыстау өңіріндегі киелі жерлердің бірі саналады. Бір жағынан тау үлкен ақшаңқан киіз үйді елестетсе, тағы бір қырынан қарасаңыз, басын аяғына қойып жатқан ұйқыдағы арыстанға ұқсайды. Таудың атауы да осы жерден шыққан, түрікмен тілінен аударғанда Арыстан тау дегенді білдіреді. Шерқаланы айналып өту үшін бір сағаттан артық уақыт керек. Онда тау үңгірлері өте көп, ал ұшар басында аңыз бойынша қария мекен етеді. Жақын жерде тағы бір табиғи ескерткіш - кең алқаптағы Ақмыш бұлағы орналасқан. 

41

null

Шерқала, Саура және Қарақия ойпатына танымдық экскурсиялар аясында мектеп оқушылары жиі келеді. Бұл жерлер облыс орталығына жақын жерде орналасқан ең танымал туристік нысандар.

Соңғы жаңалықтар