Маңғыстаудағы жол апатында төрт бала мен әйел зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы жол апатында төрт бала мен әйел зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат tumba.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жол-көлік оқиғасы Мұнайлы ауданында бүгін болған. Екі автомобиль қарама-қарсы келіп соқтығысқан. Зардап шеккен 29 жастағы келіншек облыстық ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Жергілікті құқық қорғау органдарының хабарлауынша, балалар да ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың жағдайларына қатысты мәлімет жоқ.

«Әр жүргізушінің жауапкершілігін осы жол апатын тергеуді қолға алған мамандар белгілейді», деп мәлім етті құқық қорғау органдарынан.

Соңғы жаңалықтар