Маңғыстаудағы Амал мерекесіне 10 мыңға жуық адам келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау өңірінде Амал мерекесін тойлауға республиканың түкпір-түкпірінен 10 мыңға жуық адам келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ала таңмен жасы кішілер Отпанда тігілген киіз үйлерді аралап, ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерге барып, амандық-саулық сұрап, көрісуді бастады. Үлкендер кішілерге: «Бір жасыңмен! Өмір жасың ұзақ болсын!» деп ерекше мейіріммен батасын берді. Дәл осы күні Маңғыстаудың әр үйінде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылады. Тұрғындар бір-бірімен құшақ жая амандасып, өкпе-реніштерін кешірісті.

null 

Шараға арнайы келген облыс әкімі Ералы Тоғжанов мерекеге жиналғандарды құттықтады.

«Қазақстанның ешбір өңірінде тойланбайтын бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мерекеде кең құшақтар айқара ашылып, төс тоғыстырып, алыс-жақын көрісіп, бар өкпе-наз кешіріледі. Тегін ұмытпау тектіліктің белгісі»,- деді әкім.

null 

Осы жылы Амал мерекесі республикалық деңгейде аталып өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, рухани шарада қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысты бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән мен жыр-термеден шашу шашылып, ұлттық өнердің тиегі ағытылды.

null 

Тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйытқысы болған кешті бүгін Айгүл Қосанова жүргізді. Жыр кешіне Астанадан келген күміс көмей, дүлділ жыршы, күйшілер қатысты.

null 

Сонымен қатар, мәдени шарадан бөлек, бүгін спорттық ойынның да жалауы желбіреді. Республиканың әр түкпірінен келген балуандар боз кілемде күштерін сынады. 80 кг-ға дейін және одан жоғары түйе балуандар белдесуіне жасы 18-ден асқан 40 спортшылар қатысты. Жеңісті ақтаулық, атыраулық және оралдық спортшылар қанжығасына байлады. Үздік үштікке ақшалай сыйлықтар табысталды.   Бұдан бөлек гир көтеру мен қой көтеруден де жарыс өтті.

null 

 

Сондай-ақ,  әр аймақтан келген қонақтар  шеберлердің көз майын тауысып жасаған жүзден астам бұйымын тамашалап, керектісін кәде-сыйға алды. Он саусағынан өнер тамған ұста, зергер, тігінші, тоқымашылардың еңбегі көздің жауын алады. 
null null 

Айта кетейік, Отпан тау - бірлік пен берекенің символына айналып келеді. Жыл сайын өтетін дәстүр келесі жылы да жалғасын табады. 

Соңғы жаңалықтар