Маңғыстауда жол апатынан 2 адам көз жұмды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан жеңіл көлікте отырған 3 адамның екеуі көз жұмып, тағы біреуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік апаты Ақтау - Маңғыстау бағытындағы тас жолда болған. Газ тасымалдайтын «МАЗ» ауыр жүк көлігімен қарсы бағытта келе жатқан «Хюндай» жеңіл көлігі соқтығысқан.

null  

Қазір дәрігерлер үшінші адамның өмірін сақтап қалу үшін барын салуда. Оның жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

null 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, асығыстық танытып, қарсы бағытқа шыққан жеңіл көліктің жүргізушісі өз жолына түсе алмай, ауыр көлікке соғысқан.

null 

Қазір полиция оқиғаны тексеріп жатыр.

null 

Соңғы жаңалықтар