Маңғыстауда жазасын өтеп шыққандарға жеңілдік жасалады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау өңіріндегі түзету колониясынан бостандыққа шыққандар енді тұрақты жұмыспен қамтылады. Оларға тегін медициналық көмек көрсетіліп, ақысыз кәсіптік білім алуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір облыстағы қатаң режимдегі түзету мекемесінде шығуына 1 жыл қалған сотталушылар бар. Оларды пробация қызметінің мамандары есепке алды. 13 жыл 4 айын тар қапаста өткізген Аймұрат Камалов өткеніне назалы. Ол қылмыстық кодекстің 96 бабы (2-бөлігі) бойынша, яғни адам өлтіргені үшін сотталған. Қазір 32 жаста. Жастық шағын темір торда қалдырған Аймұрат электрик мамандығы бойынша колонияда білім алыпты. Бүгінде жазасын өтеушінің соңғы бір айы қалды. Ата-ана, ағайын-бауырмен қауышатын сәтті асыға күтіп жүрген ол, жаңа өмір бастайтынын айтты.
null

«Бостандыққа шығып, жанұяма, ата-анама, бауырларыма тезірек жетіп, қайтып келмеуге тырысамын. Өкінемін. Жастық шағым өтті, кетті. Кетерде дипломымды алам деп ойлаймын. Жұмыс жасап, отбасыма көмектескім келеді. Қуанып тұрмын. Енді кәсіптік білімді бостандыққа шыққан соң жалғастырамын»,-дейді Аймұрат Камалов.
null

Биыл 8 жазасын өтеуші бостандыққа шықпақ. Оларды пробация мамандары есепке алып, қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін түсіндіріп берді.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Мұнайлы аудандық пробация бөлімінің бастығы Оралбек Исатаевтың айтуынша, негізгі мақсат - қылмыскерлердің санын азайту. Сыртқа шыққаннан кейін, қоғамға бейімделіп, сіңісіп кетуін қадағалау. Сондықтан осындай әлеуметтік көмек көрсету қолға алынған. Қазір 2 мекеме: «Еңбек Ақтау» және облыстағы жұмыспен қамту орталығымен келісім бар. Осы уақытқа дейін 5 сотталушы жұмыспен қамтылыпты.

«Бүгінде түзету мекемесінде 500-ден астам адам жазасын өтеп жүр. Оның 80%-ы жергілікті адамдар, қалғаны Алматы, Атырау, Ақтөбеден келгендер. Олардың әрқайсысына білім алуға мүмкіндік жасалды. Сотталғанға дейін орта білімін толық аяқтамаған не оқымаған азаматтар болса, соларға білім басқармасынан, мектептен мұғалімдері келіп, барлық пәнде сабақ өтеді. 11-сыныпты аяқтатып, аттестат береді. Одан бөлек кәсіби колледж бар, 4-5 мамандық бойынша, яңни дәнекерлеуші, токарь, тігінші, наубайханашы, краншы»,-дейді МО бойынша ҚАЖ комитетінің ГМ-172/6 мекемесінің бастығы Рамазан Бақыт.

Колониядағы 250 жазасын өтеуші тіршілік ырғағына ілесіп, қолдарына құрал-жабдық ұстаған. Оқыған мамандығы бойынша өндірістік аймақта еңбек етеді. Жұмысы үшін жалақы да алады. Бірі, тігін цехында киімдер пішсе, бірі үй жиһаздарын жасайды. Кейбір сотталғандардың қолынан түрлі ағаш бұйымдары шыққан.
nullnullnull

Қазір ГМ - 172/6 мекемесі - қауіпсіздігі жоғары колония болып есептеледі. Мұнда жазасын өтеушілердің 90%-ы ауыр не аса ауыр қылмыс жасағандар. Ертең олар бостандыққа шыққанда қоғамға бейімделіп кетуі тиіс. Тапқан табысын есепшотынан алуына болады. Яғни, қылмыс әлеміне қайта бұрылмауына әсер етеді»,-дейді маманда

Соңғы жаңалықтар