Маңғыстауда түйе сүтінен балмұздақ пен сусындар дайындалмақ

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық кәсіпкерлер түйе сүтінен балмұздақ пен басқа да тәттілер дайындап шығармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір кәсіпкерлер араб технологиясын пайдаланып, зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациясы АҚ басқарма басшысының м.а. Лесбек Ілебаев айтты.

Маңғыстау облысы түйе шаруашылығын дамытуға кеңінен көңіл бөліп келеді. Бұл мақсатта биыл бюджеттен 105 млн теңге бөлінген. «Аруана» тұқымының түйелерін өсіріп, одан шығатын өнімді қайта өңдеуге жалпы 210 млн теңге қарастырылған. Сондықтан түрлі жобалар қолға алынуда.

 «Бұл кәсіпорын шығарған өнімдерін өзге мемлекеттерге экспорттайды. Ел экономикасына да кәсіпкерге де пайда әкеліп отыр. Түйе сүтін танымал брэндке айналдырған. Мұны неге Маңғыстауға қолға алмасқа? Себебі, араб елінің  табиғат кешені біздің өңірмен бірдей. Кәсіпкерлерге мүмкіндік бар, - дейді Лесбек Ілебаев.

null 

Оның айтуынша, бұл үшін көп жұмыс жасау керек. Қазір араб кәсіпкерлерімен толықтай ақпарат алмасылған. Технологиялары мен өндірістегі техникаларын қолдануға мүмкіндік бар.

Маңғыстаулық кәсіпкерлер 300-ден астам түйе сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта «Каспий Аруана» ЖШС құрылған.

 Айта кетейік, аймақ басшысы Ералы Тоғжанов бастаған делегацияның Біріккен Араб Әмірліктеріне жуырда жасаған сапар барысында түйе шаруашылығын дөңгелетіп отырған Абу-Дабидегі «Camelicious» кәсіпорнына арнайы барды. Себебі, бұл кәсіпорын түйе сүтінен түрлі өнімдерді дайындайды. Ірімшік, балмұздақ, шоколад, йогурт, тіпті энергетикалық сусындар шығарады.  5 500-ден астам түйесі бар. Зауыт заманауи технологияларды және түйелерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді кеңінен зерттейді. 

null 

Соңғы жаңалықтар