Маңғыстауда туризмді дамыту - аймақтағы перспективалық бағыттардың бірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Маңғыстауда облыстық мәслихаттың кезекті 10-шы сессиясында  аймақтағы туризмді дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында туризмді дамыту - аймақтағы перспективалық бағыттардың бірі болып табылады. Ыңғайлы географиялық жерде орналасқан Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағасындағы жалғыз өңір болып табылады. 2016-2020 жылдарға арналған Маңғыстау облысын дамыту бағдарламасына сәйкес облыстағы туризм саласын дамытудың стратегиялық жоспары бекітілді.

 Туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова атап өткендей, туризм басқармасының негізгі міндеттері: туристік қызметті дамытуды, туристік қызметтердің сапасын көтеруді қамтамасыз ету, Маңғыстау облысының туристік өнімін ілгері жылжыту.  

Облыстық мәслихаттың сессиясында туризмді дамыту ұсыныстарымен депутат Дмитрий Клинчев сөз сөйледі.

 Облыс әкімі Ералы Тоқжанов өз сөзінде туризмді дамыту мәселесіне жан-жақты қарау керек екенін атап айтты. Бұл қызмет ету сервисінің жақсаруы, аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштеріне саяхаттар, демалыс үйлері мен сауықтыру орталықтары құрылысының ірі жобаларын іске асыру.

 

Соңғы жаңалықтар