Маңғыстауда туған әкесін өлтірген жігіт сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда туған әкесін өлтірген жігіт сотталды, деп жазады Лада.кз.

Шығарылған үкім туралы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған соттың бас маманы Айжан Сәндібаева айтып берді.

Сәндібаеваның айтуынша, қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы отбасылардың бірінде болған.

Мас күйінде болған сотталушы мен оның әкесінің арасында жанжал туған. Ұлы әкесіне бас салған, алайда әкесі құтылып шығып, көшеге жүгірген. Жас жігіт оны қуып жетіп, жерге құлатып, тұншықтырған. Ер адам сол жерде қаза тапқан.

«Сот айыпталушыны ҚР ҚК 99-бабы «адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді», - деді Айжан Сәндібаева. 

Соңғы жаңалықтар